factograf
KK

Кабо-Верде

Кабо-Верде

Key facts

бірі болып табыладытәуелсіз мемлекет, ел
мемлекетКабо-Верде
атқарушы биліктің басшысыFrancisco Carvalho
континентАфрика

Кабо-Верде Республикасы (порт. República de Cabo Verde) — Батыс Африка жағалауларына жақын Атлант мұхитындағы 8 ірі және 10 ұсақ аралда орналасқан мемлекет.

Жер көлемі – 4033 км². Халқы – 406 мың адам (1999). Негізгі тұрғындары португалдар мен африкалықтар арасынан шыққан мулаттар (60%), сондай-ақ, банту (35%), баланте, мандьян, т.б. жергілікті ұлыстар мен еуропалықтар (3%), т.б. Ресми тілдері – португал тілі мен креол тілі. Тұрғындарының 90%-ынан астамы христиан дінінің католик тармағын ұстанады. Астанасы – Прая қаласы. (80 мың). Мемлекет басшысы – президент Ұлттық ассамблея депутаттары арасынан 5 жыл сайын сайланып отырады. (1996 жылдан – А.Машкареньяш Монтейру). Заң шығарушы органы – Ұлттық ассамблея (бір палаталы парламент) 79 депутаттан тұрады. Ұлттық мейрамы 5 шілде – Тәуелсіздік күні (1975). Ақша бірлігі – эскудо.

Табиғаты

Кабо Верде аумағы жанартаулық жыныстардан түзілген аралдардан тұрады. Ірі аралдары: Сантьягу, Санту-Антан, Боавишта, Фогу, т.б. Аралдарда әлі де жанартау конустары мен кратерлер бар (биіктігі 2829 м-ге жететін әрекетті жанартауы – Фогу). Климаты тропиктік пассаттық. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 100 – 250 мм. Шөлейттік, шөлдік өсімдіктер өседі. Табиғат ресурстарына өте кедей. Климат жағдайының қолайсыздығынан (құрғақшылық, су көздерінің болмауы) ауыл шаруашылығы өте нашар дамыған.

Тарихы

Кабо Верде деген сөз португал тілінен аударғанда Жасыл мүйіс аралдары деген ұғымды береді. Ол аралдарды алғаш ашқандар венециялық А.Кадамосто (1456) және генуялық Антонино де Нола (1460). 1462 жылы бұрын ешкім мекендемеген аралдарға португалдар келіп жетіп, 1495 жылы өздерінің отары деп жариялайды. Аралдарды 1581 жылы Испания басып алып, 1640 жылы қайтадан Португалияға өтті. 15 – 18 ғасырларда отаршылар бұл аралдарды Африкадан тасылатын құл саудасының басты орталықтарының біріне айналдырды. 19 ғасырдың 2-жартысынан бастап құл саудасына тыйым салынуына байланысты ел экономикасы кері кетті. 2-дүние жүзілік соғыстан кейін аралдарды мекендейтін жергілікті халық арасында Португалия үкіметіне қарсы ұлт-азаттық қозғалысы күшейді. Қозғалыс басшылары жер-жерде жасырын ұйымдар құруға кірісті. Португалия үкіметі аралдарды 1951 жылы “теңіздің арғы жағындағы провинция” деп атап, 1972 жылы “ішкі автономия” құқын беруге мәжбүр болды. 1974 жылы сәуірде Португалияда болған төңкерістен кейін, ұлт-азаттық қозғалысы шешуші сәтке жетті. Португалияның жаңа үкіметі қозғалыс басшыларымен келіссөз жүргізе бастады. 1974 жылы желтоқсанда Лиссабонда елдің тәуелсіздігі туралы келісімге қол қойды. 1975 жылы 5 шілдеде Кабо Верде жеке мемлекет құруға кірісті. Кабо Верде 1975 жылдан бастап БҰҰ мүшесі.

Экономикасы

Аса қиын климат жағдайларына байланысты (құрғақшылық, су көздерінің тапшылығы, т.б.) ауыл шаруашылығы өнімдері елдің азық-түлік қажеттілігін 10 – 15% ғана қанағаттандырады. Жүгері, қант қамысы, картоп және экспортқа темекі, банан, кофе өсіріледі. Ауыл шаруашылығында халықтың 10%-ы жұмыс жасайды. Аралдардың айналасы балыққа бай. Балық аулаумен халықтың 5%-ы айналысады және балық өнімдері ел экспортының 35 – 40%-ын құрайды. Өнеркәсіп (тұз өндіру, спирт, сабын, ұн шығару, т.б.) өте нашар дамыған, ұлттық өнімнің 7%-ын ғана береді. Ел экономикасына қаржы, негізінен, шетелдіктерге қызмет көрсету салаларынан түседі. Елдің ұлттық табысы жылына 436 млн. АҚШ долл-ы, жан басына шаққанда – 850 долл., сыртқы қарыз 210 млн. долл. Негізгі сауда серіктестері: Португалия (экспорт – 50%; импорт – 40,1%), Нидерланд, Алжир, Италия, Кот-д’Ивуар, т.б. Үкімет ішкі және сыртқы сауданы қатаң бақылауда ұстайды.

Read next

In 249 languages

ҚазақшааԥсшәаAfrikaansAlemannischአማርኛaragonésÆngliscOboloअंगिकाالعربيةالدارجةمصرىasturianuKotavaazərbaycancaتۆرکجهбашҡортсаBasa BaliBoarischžemaitėškaBikol Centralбеларуская (тарашкевіца)беларускаяBetawiбългарскиभोजपुरीBislamaBanjarbamanankanবাংলাབོད་ཡིགবিষ্ণুপ্রিয়া মণিপুরীbrezhonegbosanskiбуряадcatalàChavacano de Zamboanga閩東語 / Mìng-dĕ̤ng-ngṳ̄нохчийнCebuanoᏣᎳᎩکوردیcorsuqırımtatarcačeštinaчӑвашлаCymraegdanskdagbanliDeutschDagaareZazakidolnoserbskiडोटेलीދިވެހިބަސްeʋegbeΕλληνικάEnglishEsperantoespañoleestieuskaraestremeñuفارسیFulfuldesuomivõroføroysktfɔ̀ngbèfrançaisarpetanNordfriiskFryskGaeilgeGagauzkriyòl gwiyannenGàidhliggalegoگیلکیAvañe'ẽGhanaian PidginfarefareGaelgHausa客家語 / Hak-kâ-ngîעבריתहिन्दीFiji HindihrvatskihornjoserbsceKreyòl ayisyenmagyarհայերենԱրեւմտահայերէնinterlinguaBahasa IndonesiaInterlingueIgboIñupiatunIlokanoIdoíslenskamedžuslovjanskyitaliano日本語PatoisJawaქართულიQaraqalpaqshaTaqbaylitKabɩyɛTyapKongoGĩkũyũಕನ್ನಡ한국어къарачай-малкъарکٲشُرkurdîkernowekкыргызчаLatinaLadinoLëtzebuergeschлезгиLingua Franca NovaLugandaLimburgsLigureLadinlombardlingálaລາວlietuviųlatviešuмокшеньMalagasyMāoriMinangkabauмакедонскиമലയാളംмонголꯃꯤꯇꯩ ꯂꯣꯟमराठीкырык марыBahasa MelayuMaltiMirandésမြန်မာဘာသာمازِرونیNedersaksiesPlattdüütschनेपालीनेपाल भाषाNederlandsnorsk nynorsknorskNovialߒߞߏNouormandSesotho sa LeboaChi-ChewaoccitanlivvinkarjalaOromooଓଡ଼ିଆиронਪੰਜਾਬੀKapampanganPapiamentuNaijápolskiPiemontèisپنجابیپښتوportuguêsRuna Simiရခိုင်rumantschromânăрусскийIkinyarwandaसंस्कृतम्саха тылаᱥᱟᱱᱛᱟᱲᱤsardusicilianuScotsسنڌيdavvisámegiellaSängösrpskohrvatski / српскохрватскиTaclḥitတႆးසිංහලSimple EnglishslovenčinaslovenščinaGagana SamoaanarâškielâchiShonaSoomaaligashqipсрпски / srpskiSiSwatiSesothoSeelterskSundasvenskaKiswahiliślůnskiதமிழ்తెలుగుtetunтоҷикӣไทยTürkmençeTagalogtolışitoki ponaTürkçeXitsongaтатарча / tatarçachiTumbukaудмуртئۇيغۇرچە / Uyghurcheукраїнськаاردوoʻzbekcha / ўзбекчаvènetovepsän kel’Tiếng ViệtWest-VlamsVolapükwalonWinarayWolof吴语მარგალურიייִדישYorùbáVahcuenghZeêuwsⵜⴰⵎⴰⵣⵉⵖⵜ ⵜⴰⵏⴰⵡⴰⵢⵜ文言閩南語 / Bân-lâm-gí粵語中文isiZulu

Text from Wikipedia, CC BY-SA 4.0 · Source article