factograf
KK

Сент-Андрус

Сент-Андрус
All data from the card 11
Ел
Ұлыбритания
Аймақ
Шотландия
Округ
Файф
Координаттары
56°20′20″ с. е. 02°47′56″ б. б. / 56.33889° с. е. 2.79889° б. б.
Алғашқы дерек
906 жыл
Жер аумағы
12,5 км²
Орталығының биiктігі
24 м
Тұрғыны
▼16 460 адам (2022)
Тығыздығы
1316,8 адам/км²
Телефон коды
+44 1334
Пошта индексі
KY16

Сент-Андрус (ағылш. St Andrews, шотл. Cill Rìmhinn, скотс. Saunt Aundraes) — Шотландияның Файф облысындағы ескі қала. Елдің шығысындағы Солтүстік теңіздің жағалауында орналасқан. Дәстүр бойынша әлемдегі гольф орталықтарының бірі.

Тарихы

Аңыз бойынша грек монахы Регулға періште келіп, апостол Андрейдің қалдықтарын қиыр шетке алып кетуін сұрады. Оның кемесі ауылдың жағалауында тоқтады, кейінірек ол Әулие Андрейдің құрметіне аталып кетті. Сол жерде Регулдың бастауымен шіркеу салынды. Апостол Андрей Шотландияның қамқоршысы ретінде мойындалды.

906 жылдан бастап XVIII ғасырға дейін Сан-Андрус Шотландияның шіркеулі астанасы атанды.

Қала тағы да 1413 жылы салынған Шотландиядағы ең ескі және Британиядағы ескі университеттердің ішінде үшінші орын алатын университет орналасқан.

Университет

Шотландиядағы ең ескі Сент-Андрус университеті 1413 жылы салынып, XVI ғасырдың ортасында үш колледжі болды: Әулие Сальватора (1450), Әулие Леонарда (1511) және Әулие Мария (1538).

Гольф

Кафедралдық собордың қирандылары
Кафедралдық собордың қирандылары

Әулие Андрус гольфтің отаны деген атаққа үміткер, мұнда Солтүстік теңіз жағалауындағы ең көне гольф алаңдары бар. Гольф-алаңның негізгі атауы St. Andrew’s Old Course. Осы алаңда ойнау үшін мұнда көрнекті ойыншылар келеді. Жақында жаңа Course пайда болды - қатарынан сегізінші. Осы алаңда ойнау үшін, жарыстардың біріне қатысу керек. Жыл сайын осында ірі турнирлер өткізіледі және бұл турнирлерге Майкл Дуглас пен Кэтрин Зета-Джонс жиі келеді.

Қаланың көрікті жерлері

  • Әулие Андрей соборының қирандылары
  • Әулие Рулдың мұнарасы
  • Әулие Андрейдің сарайы
  • Киелі Үштіктің приход шіркеуі
  • Доминикандық капелла
  • Сент-Андрус университетінің ғимараты

Сілтеме

  • Сент-Андрюстың туристикалық сайты Мұрағатталған 15 қазанның 2017 жылы.

Read next

In 52 languages

Text from Wikipedia, CC BY-SA 4.0 · Source article