factograf
KK

II Баязит

II Баязит

Key facts

туған күні1447 ж. 3 желтоқсан
қайтыс болған уақыты1512 ж. 26 мамыр
кәсіпмонарх, Сұлтан
туған жеріDidymóteicho
All data from the card 10
Ізашары
II Мехмет
Ізбасары
I Сәлім
Діні
Ислам
Дүниеге келуі
3 желтоқсан 1447 Дидимотика, Османлы мемлекеті
Қайтыс болуы
26 маусым 1512 (64 жас) Биікшекмеже, Османлы мемлекеті
Жерленді
Баязит мешіті, Ыстамбұл
Династия
Османлы әулеті
Әкесі
II Мехмет
Анасы
Ситти Мүкриме қатын
Жұбайы
Нигяр қатынШырын қатынГүлрух қатынБұлбұл қатынХүснүшаһ қатынГүлбаһар қатынФарахшат қатынАйша қатын

II Баязит (осман. بايزيد ثانى‎ — Bâyezîd-i sânî; 3 желтоқсан 1447 — 26 мамыр 1512) — Османлы мемлекетінің 8-ші сұлтаны. Ең бейбітшіл әрі діншіл сұлтандардың бірі.

Бұл сұлтанның тұсында жер ауданы ұлғайса да (511 000 км²-ден 2 375 000 км²-ге дейін), өзі ешқашан да жорыққа шықпаған, көбінесе өз уақытын Алла Тағалаға ғибадат етумен өткізетін, сондықтан Әулие Баязит деген лақап атқа ие болды. Ашық жорықтарға шықпаған әскер күшейіп, көбейе бастады, ал соғыссыз ғұмыр кешкен бейбіт тұрғындар өз дамуын жалғастырды.

Өмірбаяны

II Баязит 1447 жылы Дидимотикада Константинополь жаулаушысы II Мехметтің шаңырағында дүниеге келді.

1481 жылы II Мехметтің қайтыс болған соң османлы тағына отырды. Тақты сақтап қалу үшін ол өзінің туған інісі Жем шаһзадаға соғыс ашуға тура келді. 1482 жылы сұлтан Жем шаһзаданы талқандады. Жем Еуропаға қашып, сол жақта II Баязитке қарсы жақтаушыларды іздеді. Алайда 1495 жылы II Баязиттің бұйрығымен Жем шаһзада Римде уландырылды.

Сұлтан Венецияға қарсы соғысуға мәжбүр болды, себебі венециялықтар османлылардың Далмация мен эгейлік жерлерін жаулауға ниеттенген. 1499-1503 жылдары болған османлы-венеция соғысы нәтижесінде II Баязит Венецияның жаяу және теңіз әскерлерін жеңіп, Мореяны толықтай жаулап алды.

1501 жылы II Баязит Қара теңіздің шығыс жағалауын жаулап, осы теңізде толықтай билік орнатты.

Шығыста II Баязит Сириямен, мәмлүктермен және сефевидтермен соғыс жүргізсе де, ол ешқашан ашық соғысқа жеткізген жоқ. Соның арқасында Османлы мемлекеті дамып, әскері күшейді. Бұл жайт II Баязиттің баласы әрі ізбасары I Сәлімге өте тиімді болды. Ол күшейген әскерді мәмлүктермен және сефевидтермен болған соғыста пайдаланып, османлылардың билігін Таяу Шығыста күшейтті.

Садрағзамдары

№ Есімі Қызмет атқарған мерзімі Уақыты
20 Ысқақ паша 19 мамыр 1481 — 1482 1 жыл
21 Қожа Дәуіт паша 1482 — 1497 15 жыл
22 Херсеклі Ахмет паша 1497 — 1498 1 жыл
23 Шандарлы Ибраһим паша 1498 — 1499 1 жыл
24 Мәсіх паша 1499 — 1501 2 жыл
25 Хадым Әли паша 1501 — 1503 2 жыл
26 Херсеклі Ахмет паша 1503 — 1506 3 жыл
27 Хадым Әли паша 1506 — 1511 5 жыл
28 Херсеклі Ахмет паша 1511 — 1511 ?
29 Қожа Мұстафа паша 1511 — 1512 1 жыл
30 Херсеклі Ахмет паша 1512 — 25 сәуір 1512 ?

Read next

In 73 languages

Text from Wikipedia, CC BY-SA 4.0 · Source article