factograf
KK

Ыбырайымдық діндердің ортақ еврей патриархы

Ибраһим

Ибраһим
All data from the card 9
Туған күні
Б. з. д. XIX ғасыр
Туған жері
Ур қаласы, Қосөзен
Қайтыс болған күні
Б. з. д. XVII ғасыр
Қайтыс болған жері
Хеврон (Әл-Халил), Палестина
Қызметі
Пайғамбар, құрылысшы (Исмаилмен бірге Қағбаны салған)
Әкесі
Азар
Анасы
Лаюса
Жұбайы
Сара, Хаджар
Балалары
Исмаил, Исхак
Ибраһим ғ.с. пайғамбардың зираты әл-Халил қаласы
Ибраһим ғ.с. пайғамбардың зираты әл-Халил қаласы
"Ибраһимның Исхакты (Ысқақ) құрбандыққа шалуы", Рембрандт
"Ибраһимның Исхакты (Ысқақ) құрбандыққа шалуы", Рембрандт
3 images


Ыбырайым немесе Ибраһим (ивр. אַבְרָהָם‎, Авраха́м, көне грекше: Ἀβραάμ, лат. Abraham, араб.: ابراهيم‎) — Құран Кәрімде аты аталған Пайғамбар. Кең тараған есімдерінің бірі – Халил Аллаһ («Аллаһтың досы»), оны

Имам, Сыддық, Ханиф деп те атайды. Құран Кәрімде Ибраһимнің өмірі мен қызметі туралы бірнеше рет егжей-тегжейлі баяндалған. Ол жастайынан-ақ өзінің тайпаластары мен әкесі Азар табынған пұтқа сенудің мәнсіздігін түсінеді. Ибраһим әуелі күнге, Айға, Жұлдыздарға сенеді, содан соң бір Аллаһқа деген сезімі оянады.

Себебі, ол айдан да, жұлдыздан да биік, барлығын жаратқан, Құдіреті шексіз бір жаратушының бар екенін сезді. Ибраһим өзінің сезімін әкесіне және халқына түсіндіре алмайды.

Сонан соң, қасиетті орындарға кіріп, бірнеше пұтты зақымдайды да, келгендерге мұны ең басты пұт жасады дейді. Олардың өз сөзіне сенімсіздігін пұтқа сенімдерінің жалғандығынан деп түсіндіреді. Бірақ Ибраһим уағызын олар түсінбейді. Ибраһимді патшаларына алып барады, ол Ибраһимді өртеп жіберуді бұйырады. Алайда, Аллаһ өзінің Пайғамбарын оған сенген Лұтпен бірге құтқарып қалып, Палестинаға апарып қоныстандырады. Бірде Ибраһимге Лұт орныққан қаланың опасыз тұрғындарын жазалауға бара жатқан періштелер келеді. Олар Ибраһимге өзінің және әйелінің қартайғанына қарамастан ұлды болатынын хабарлайды.

Ислам

мақалалар тізбегінің бөлігі



Құрандағы Ислам пайғамбарлары

Елшілер мен пайғамбарлар

Адам • Ыдырыс
Нұх • Һұд • Салық
Ибраһим • Лұт
Ысмайыл • Ысқақ
Жақып • Жүсіп
Әйюб
Шұғайб • Мұса • Һарұн
Зул-Кифл • Дәуіт • Сүлеймен • Ілияс
Әл-Йаса • Жүніс
Зәкәрия • Жақия
Иса •
Мұхаммед

Ибраһим өзінің ұлы Исмаилмен бірге Меккедегі Қағбаны салады. Ибраһим Аллаһтан өзінің өліге жан бітіретін қасиетін көрсетуді сұрайды. Оған төрт құстың қалдығын төрт тауға апарып қою тапсырылады. Аллаһ Тағала шақырғанда әлгі төрт құсқа жан бітіп, ұшып келеді. Аллаһ Тағала Ибраһимді әр кез жебеп-желеп отырады, оның ұрпақтары арасынан бірнеше Пайғамбар шыққан. Құран Кәрімнен кейін шыққан аңыздарда Ибраһимнің көп саяхаттағандығы, Мысырда да болғандығы, сонда перғауын оның әйелі Сараны тартып алмақ болғанда, Аллаһтың құтқарып қалғандығы

айтылады.

Ибраһимді Арабиямен байланыстырған аңыздар да көп тараған. Негізгі арқауы – оның арабтар мен еврейлердің атасы екендігі. Сара оның күңі Хаджарды баласы Исмаилмен бірге қуып жіберген соң, Ибраһим оларды Меккеге әкеліп қоныстандырады. Өзі де жиі келіп тұрады. Бір келген сапарында ол Исмаилмен бірге тасқын қиратқан Қағбаны қалпына келтіреді. Меккенің жанында И. өзінің ұлын құрбандыққа шалмақ болады. Бірақ Құран Кәрімде ұлының аты аталмайды, аңыздарда Исмаил делінеді. Аллаһ Тағала Ибраһимнің ниетіне риза болып, ұлының орнына құрбандыққа шалуға көктен тоқты түсіреді. Содан бері Аллаһ жолына құрбандыққа қой шалу дәстүрі орныққан.

Ибраһим – Інжіл аңызы бойынша ежелгі еврейлердің түп атасы. Інжіл оны Урдан шыққан деп есептейді. Авраам Эламдарды, олармен одақтас Вавилон патшасы Хаммурапиді жеңді деген қауесет бар. Ол өзінің туған ұлы Исаакты (мұсылманша Ысқақты) Элоһ құдайға құрбандыққа шалмақ болады. Бірақ оның қылшылдап тұрған қанжары өтпей қалады. Бұл адамды құрбандыққа шалуды тыюдың басы деп саналады. (Ифгений туралы ежелгі грек мифі).
Құранда Авраам-Ибраһим деп аталады және еврейлер мен арабтардың түп атасы болып саналады. Мұхаммедтен бұрынғы пайғамбарлардың бірі деп есептелінеді. Ислам діні Ибраһимді Құрбан айтпен байланыстырады. Құрбандыққа мал шалу салты содан қалыпты-мыс.

Сыртқы сілтемелер

  • “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998

Read next

In 179 languages

ҚазақшаAfrikaansAlemannischአማርኛaragonésÆngliscअंगिकाالعربيةܐܪܡܝܐالدارجةمصرىasturianuаварazərbaycancaتۆرکجهбашҡортсаBoarischžemaitėškaBikol Centralбеларуская (тарашкевіца)беларускаяBetawiбългарскиभोजपुरीBanjarবাংলাབོད་ཡིགbrezhonegbosanskiBatak Mandailingбуряадcatalà閩東語 / Mìng-dĕ̤ng-ngṳ̄нохчийнCebuanoکوردیčeštinaCymraegdanskdagbanliDeutschZazakieʋegbeΕλληνικάEnglishEsperantoespañoleestieuskaraفارسیsuomivõroføroysktfrançaisNordfriiskFryskGaeilge贛語kriyòl gwiyannengalegoAvañe'ẽ𐌲𐌿𐍄𐌹𐍃𐌺ગુજરાતીgungbeHausaעבריתहिन्दीFiji HindihrvatskimagyarհայերենinterlinguaJaku IbanBahasa IndonesiaInterlingueIgboIlokanoгӀалгӀайIdoíslenskamedžuslovjanskyitaliano日本語PatoisქართულიTaqbaylitKabɩyɛTyapಕನ್ನಡYerwa Kanuri한국어къарачай-малкъарکٲشُرkurdîkernowekLatinaLadinoLëtzebuergeschлаккуLingua Franca NovaLimburgsLadinlombardlingálaລາວlietuviųlatviešuMadhurâMalagasyMinangkabauмакедонскиമലയാളംмонголဘာသာမန်मराठीBahasa Melayuမြန်မာဘာသာمازِرونیPlattdüütschLi NihaNederlandsnorsk nynorsknorskNouormandChi-ChewaoccitanlivvinkarjalaਪੰਜਾਬੀPicardpolskiPiemontèisپنجابیپښتوportuguêsrumantschromânăрусскийрусиньскыйсаха тылаᱥᱟᱱᱛᱟᱲᱤScotsسنڌيsrpskohrvatski / српскохрватскиSimple EnglishslovenčinaسرائیکیslovenščinaGagana SamoachiShonaSoomaaligashqipсрпски / srpskisvenskaKiswahiliꠍꠤꠟꠐꠤதமிழ்తెలుగుไทยTürkmençeTagalogtoki ponaTürkçeтатарча / tatarçaукраїнськаاردوoʻzbekcha / ўзбекчаTiếng ViệtwalonWinaray吴语isiXhosaმარგალურიייִדישYorùbáⵜⴰⵎⴰⵣⵉⵖⵜ ⵜⴰⵏⴰⵡⴰⵢⵜ文言閩南語 / Bân-lâm-gí粵語中文

Text from Wikipedia, CC BY-SA 4.0 · Source article