factograf
KK

Агат

Агат

Агат — минерал, ақықтың (халцедон) бір түрі. Химиялық формуласы SiO2, қаттылығы 6,0—6,5. Түрлі түсті жұқа қабаттардың қатпарлануынан тұратын жасырын кристалды агрегаттары талшықты немесе радиал сәулелі түрде кездеседі. Агаттың түсі құрамындағы темір, марганец т.б. металдардың тотықтары мен органикалық қоспаларға байланысты болады. Қабатшаларындағы түстердің кезектесіп келуіне қарай арабониксі (ақ және қара), карнеолоникс (қызыл және ақ), сардоникс (күрең және ақ) т.б. түрлерге бөлінеді. Шығыс халықтары Агаттың ақаусыз, өте әдемі түрлерін әшекей тас ретінде ертеден қолданып келеді. Эффузивті тау жыныстарында түзілуіне байланысты Қазақстанда Агаттың кен орындары көп (Орталық Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе облысы).

Агат келі

Қатты заттарды үгітуге арналған агат минералынан жасалған зертханалық құрал.

Read next

In 85 languages

Text from Wikipedia, CC BY-SA 4.0 · Source article