TopHit.com — музыкалық тректерді таратуға, радиоэфирлерге мониторинг жасауға және чарттар түзуге арналған интернет-платформаны қамтитын, бүкіл әлемге бағытталған музыкалық чарттар веб-сайты. 2024 жылғы мәлімет бойынша, TopHit платформасында 9 000-нан астам әртіс, ән авторы, диджей, дыбыс жазу лейблі және музыкалық баспагер тіркелген. Платформа қызметтерін негізінен АҚШ, Ұлыбритания, ЕО, Украина, Ресей және ТМД елдерін қамтитын 45 мемлекеттегі 2 500-ден астам радиостанция мен 90 телеарна пайдаланады. Сайттың контент кітапханасына 200 000-нан астам радиохит және 10 000-нан арстам бейнеклип кіреді. Universal Music компаниясы Tophit-ті Ресейдегі радиоэфир мониторингі үшін ең беделді сайт деп сипаттаған. Сондай-ақ TopHit-ті музыка сыншылары мен продюсерлері Ресей мен ТМД елдеріндегі әртістердің танымалдылығын қадағалаудың негізгі көзі ретінде жиі атайды.
TopHit.com жыл сайын радио және интернет кеңістігіндегі үздік орындаушылар мен ең танымал хиттерді марапаттайтын, музыка индустриясына қосқан елеулі үлесті атап өтетін тікелей эфирдегі «Top Hit Music Awards» музыкалық рәсімін өткізіп тұрады.
