factograf
KK
Sign in

The Who

The Who
All data from the card 10
Жанры
рок хард-рок пауэр-поп арт-рок
Белсенділікжылдары
1964–1982 1985 1988–1991 1996–1997 1999–қазіргі уақыт
Мемлекет
Ұлыбритания
Қайдан
Лондон
Басқаша атауы
The DetoursThe High Numbers
Өлеңдерініңтілдері
ағылшын
Лейблі
Brunswick Reaction Track Polydor Decca Virgin MCA Warner Bros. Universal Republic Geffen Atco
Топ құрамы
Роджер Долтри Пит Таунсенд
Бұрынғықатысушылары
Джон Энтвисл Дуг Сэндом Кит Мун Кенни Джонс
Басқа дажобалары
Plastic Ono Band, Thunderclap Newman, The Small Faces, The Faces

The Who — 1964 жылы Лондон қаласында құрылған британдық рок топ. Олардың классикалық құрамына (1964-1978) жетекші вокалист Роджер Долтри, гитарист Пит Таунсенд, басист Джон Энтвисл және барабаншы Кит Мун кірді. Топ ерекше концерттік қойылымдар арқылы үлкен жетістіктерге жетіп 60-70-жылдардағы ең ықпалды топтардың бірі және тарихтағы ең ұлы рок-топтарының бірі болып саналады.

The Who бұрынғы «The Detours» тобынан дамып, концерттер кезінде таңқаларлық мінез - құлық (қойылымнан кейін сахнада аспаптарды сындыру) арқылы автодеструктивті өнерді көрсететін поп-арт және мод қозғалыстарының бір бөлігі ретінде өзін танытты.

1990 жылы The Who Рок-н-ролл даңқ залына енгізілді.

Құрамы

Қазіргі құрамы

  • Роджер Долтри (ағылш. Roger Daltrey) — басты вокал, гармоника, ритм-гитара (1964—1965, 1965—1982, 1985, 1989, 1996—қазіргі уақыт)
  • Пит Таунсенд (ағылш. Pete Townshend) — соло-гитара, бэк және басты-вокал (1964—1982, 1985, 1989, 1996—қазіргі уақыт)

Бұрынғы мүшелері

  • Джон Энтвисл (ағылш. John Entwistle) — бас-гитара, бэк және басты-вокал 1964—1966, 1966—1982, 1985, 1989, 1996—2002; 2002 жылы қайтыс болды)
  • Дуг Сэндом (ағылш. Doug Sandom) — барабандар (1964; 2019 жылы қайтыс болды)
  • Кит Мун (ағылш. Keith Moon) — барабандар, бэк және басты-вокал (1964—1966, 1966—1978; 1978 жылы қайтыс болды)
  • Кенни Джонс (ағылш. Kenney Jones) — барабандар (1979—1982, 1985, 1988, 2014)

Дискография

Студиялық альбомдар

  • My Generation (1965)
  • A Quick One (1966)
  • The Who Sell Out (1967)
  • Tommy (1969)
  • Who’s Next (1971)
  • Quadrophenia (1973)
  • The Who by Numbers (1975)
  • Who Are You (1978)
  • Face Dances (1981)
  • It's Hard (1982)
  • Endless Wire (2006)
  • Who (2019)

Read next

In 85 languages

Text from Wikipedia, CC BY-SA 4.0 · Source article