Рейтер (Reuters Ltd) — ағылшын ақпарат агенттігі. Лондонда 1851 ж. құрылған. Ресми түрде Ұлыбритания телеграф агенттігінің қызметін атқарады. Әлемдегі 5 үздік ақпарат агенттігі қатарына кіреді. 12 мыңдай адам, оның ішінде 1400 журналист қызмет атқарады. 1994 ж. Алматыда 11 адамнан тұратын Қазақстан бөлімі ашылған.
Сілтемелер
- Рейтер агенттігінің ресми торабы
- Рейтер агенттігінің ресми торабы (Ресей мен ТМД елдері) (орысша) Мұрағатталған 3 ақпанның 2021 жылы.