factograf
KK

EFE

EFE

«ЭФЭ» – Испания ақпарат агенттігі. ЭФЭ 1939 жылы Фабра, Фебус, Фаро ақпарат агенттігінің қосылуы нәтижесінде құрылды. Испан тілдес елдер арасында ең ірі агенттік болып саналады. Штаб-пәтері Мадридте орналасқан. Формалді түрде акционерлік қоғам болып табылады. Агенттік ел жаңалықтарын БАҚ-на, мемлекеттік және тәуелсіз мекемелерге, партияларға, кәсіподақтарға, елшілерге, шетелдерге таратады. Әлемнің ірі 30 ақпарат агенттігімен ақпарат алмасады. Ақпарат көлемі жылына 200 мың сөз. Агенттік штатында 2500-дей адамдар қызмет етеді. Шетелде 80 бөлімшесі жұмыс жасайды.

Read next

In 31 languages

Text from Wikipedia, CC BY-SA 4.0 · Source article