factograf
KK

Құлан

Құлан
 Басқа мағыналар үшін Құлан (айрық) деген бетті қараңыз.

Құлан (лат. Equus hemionus) – тақтұяқтылар отрядына жататын жабайы жылқы. Сыртынан қарағанда құланның есекке де (басы үлкен, құлағы ұзын, құйрығы қысқа, кекілі жоқ, жалы тік), жылқыға да (жүріс-тұрысы ширақ, дене бітімі сымбатты, сирақтары ұзын) ұқсайтын ерекшелігі бар. ХТҚО және КСРО Қызыл кітаптарына енгізілген.

Дене бітімі

Дене тұрқы 210 – 240 см, шоқтығының биіктігі 112 – 126 см, салмағы 400 – 500 кг аралығында. Түсі сарғыштау, жотасында қара қошқыл жолағы болады, құйрығының ұшы қара, бауыры мен сирақтары ақшыл келеді. Жыныстық жағынан 2 – 3 жасында жетіледі. Маусым – шілде айларында күйлеп, 11,0 – 11,5 айдай буаз болып, мамыр – маусым айларында құлындайды.

Құландар тұрғысы

20 ғасырдың алғашқы жартысына дейін құлан Қазақстанның жазық даласында үйір-үйірімен топтанып жүрген. Қыс айларында Каспий теңізінен шығысқа Іле ойпатына дейін кең таралған. Жазда Қарағанды Ақтөбе, Қостанай облыстарының жерін жайлаған. Құланды есепсіз аулау – оның қазақ жерінде құрып кетуіне әкеліп соқты. Республикада Құланды жерсіндіру жұмысы 1953 жылы басталды. 1953 – 1964 жылы Арал теңізінің Барсакелмес қорығына Түрікменстаннан 19 құлан жерсіндірілді. 1982 жылдан бастап оны «Алтынемел» ұлттық табиғи саябағына, Андысай қорықшасына және Маңғыстау облысы аумағына жерсіндіре бастады. Қазір Қазақстанда 2,0 мыңдай құлан бар (2004). құланның саны дүниежүзінде жылдан-жылға азаюына байланысты қорғауға алынып, Халықаралық табиғат қорғау одағының және Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.

Read next

In 68 languages

Text from Wikipedia, CC BY-SA 4.0 · Source article