factograf
KK

фин-угор тілдерінің бірі, эрзялар ана тілі

Эрзя тілі

All data from the card 9
Өз атауы:
эрзянь кель, eŕźań keĺ
Аймақтар:
Мордовия
Сөйлеушілер саны:
46 241 (2020)
Күйі:
жойылып бара жатқан
Жазуы:
Кириллица
МЕСТ 7.75–97:
эрз 835
ISO 639-1:
—
ISO 639-2:
myv
ISO 639-3:
myv

Эрзя тілі (эрзянь кель, eŕźań keĺ,) — Мордовияда және шекаралас аймақтарда шамамен 300 000 адам сөйлейтін тіл. Эрзя тілі орыс тілінің өзгертілмеген кириллицасын қолданады. Эрзя тілі — мокша және орыс тілдерімен қатар Мордовияның ресми тілі.

Эрзя тілі Орал тілдерінің мордва тармағына жатады. Эрзя тілінде адамдар Мордовиядан басқа тағы Ресейдің Төменгі Новгород, Чувашия, Пенза, Самара, Саратов, Орынбор, Ульяновск, Татарстан мен Башқұртстан аймақтарында, Эстония, Армения мен Қазақстанда сөйлейді.

Тарихы

Эрзя тілінің жазба әдебиеті XIX ғасырдың соңында қалыптасты. Тілдің жазба нұсқасы 1925 жылы ресмиленді.

XIX ғасырдың соңына қарай эрзя тілі айналасында интеллигенция құрыла бастады. Бұл интеллигенция қатарына эрзя тілі латын әліпбиін құрған Анатолий Рябов пен оқулықтар жазған Василий Горбунов (Пурьгине) жатқан.

Қазіргі жағдайы

Мордовия Республикасы халқы біразының мокша мен эрзя тілдерін айырмай, санақта мордва тілінде сөйлейтінін айтқанынан эрзя тілінде сөйлейтіндер санын анықтау қиын. Ethnologue дерекқоры осындай сандар көрсетеді: әлемде 119 330 адам, Ресейде 36 700 адам (2010 жылғы санаққа сүйеніп тұра).

Федералдық мемлекеттік статистика қызметі дерегінше, Ресейде өзін мордвалар дейтін 843,35 мың адам бар (олардың 49,6 мыңы — мокшалар, 84,4 мыңы — эрзялар).

Эрзя тілі жойылу қаупі бар тілдер, не жойылуға жақын тілдер қатарларында бар.

Фонологиясы

Дауыссыздар

Төменгі кестеде эрзя тіліндегі дыбыстар және олардың кириллицадағы жазылуы берілген:

Еріндік Тіл ұшы (Жіңішке)
альвеоляр
Тіл арты
қатаң жіңішке
Мұрын жолды м н нь н
Үзілмелі қатаң п т ть к
ұяң б д дь г
Аффрикат ц ць ч
Саңылау қатаң ( ф) с сь ш ( х)
ұяң в з зь ж
Діріл р рь
Аппроксимант л ль й

және дыбыстары орыс тілінен келген кірме сөздерде ғана болады.

Дауыстылар

Эрзя тілінің бесдауысты жүйесі бар.

Тіл алды Тіл арты
Қысаң
Жартылай
ашық
Түсіңкі

Жазуы

Эрзя тілінің қазіргі әліпбиі орыс тілінің әліпбиімен бірдей.

А а Б б В в Г г Д д Е е Ё ё
Ж ж З з И и Й й К к Л л М м
Н н О о П п Р р С с Т т У у
Ф ф Х х Ц ц Ч ч Ш ш Щ щ Ъ ъ
Ы ы Ь ь Э э Ю ю Я я

Мысал мәтін

Эрзя (Кирил) Эрзя (Латын) Қазақша
Весе ломантне чачить олякс ды правасост весе вейкетекс. Сынст улить превест-чарьксчист ды визькстэ чарькодемаст, вейке-вейкень коряс прясь тенст ветяма братонь ёжо марто. Veśe lomańt́ńe čačit́ oĺaks di pravasost veśe vejket́eks. Sinst uĺit́ pŕevest-čaŕksčist di viźkste čaŕkod́emast, vejke-vejkeń koŕas pŕaś t́eńst vet́ama bratoń jožo marto. Барлық адамдар тумысынан азат және қадір-қасиеті мен құқықтары тең болып дүниеге келеді. Адамдарға ақыл-парасат, ар-ождан берілген, сондықтан олар бір-бірімен туыстық, бауырмалдық қарым-қатынас жасаулары тиіс.

Read next

In 91 languages

Text from Wikipedia, CC BY-SA 4.0 · Source article