Тельма Кэтрин Райан «Пэт» Никсон (ағылш. Thelma Catherine Ryan "Pat" Nixon; 16 наурыз 1912, Невада – 22 маусым 1993, Нью-Джерси) — Америка Құрама Штаттарының отыз жетінші президенті Ричард Никсонның әйелі және 1969-1974 жылдары аралығында АҚШ-тың Бірінші ханымы.
Өмірбаяны


Невадада 1912 жылы 16 наурызда дүниеге келді. Лос-Анджелес, Калифорнияда өсті. 1929 жылы Пэт орта мектепті бітірді, содан кейін Фуллертондық колледжде оқыды. Колледжі бітірісімен Оңтүстік Калифорнияның университетінде білім алды. Оқуға төлеу үшін ол бірнеше жұмыс орындарында жұмыс істеді. Ол дәріханашы, машинист және рентгенолог болып жұмыс істеді. 1940 жылы ол заңгер Ричард Никсонға тұрмысқа шығады. Олардың екі қызы болады. Пэт күйеуімен бірге 1946 және 1948 жылдардағы сайлау кезіндегі кампанияларға қатысты. Кейінірек, Дуайт Эйзенхауэр кезінде күйеуі вице-президент болып сайланған кезде, ол «АҚШ-тың Екінші ханымы» аталды. Бұл лауазымда ол бұқаралық ақпараттардың назарында болған көптеген іс-шараларды өткізді. Ол 1960 жылғы күйеуінің сәтсіз және 1968 жылғы сәтті өткен кампанияларына көмектесті.
