factograf
KK

Оран

Оран
All data from the card 11
Ел
Алжир
Уәлаят
Оран
Координаттары
35°41′49″ с. е. 00°37′59″ ш. б. / 35.69694° с. е. 0.63306° ш. б.
Құрылған уақыты
903 жылы
Жер аумағы
64 км²
Орталығының биiктігі
101 м
Тұрғыны
852 000 адам (2010)
Агломерация
1 300 000
Ұлттық құрамы
арабтар, берберлер
Телефон коды
+213 41
Пошта индексі
31000

Оран (араб.: وهران‎ — Wahrān) – Жерорта теңізінде орналасқан Алжирдің портты қаласы.

Халық саны бойынша елдегі екінші қала. Халық саны 852 000 адам (2010 жылғы халық санағы бойынша). Қаланың негізін 10 ғасырда андалусиялық мавр-саудагерлері қалаған. Оран Испанияның, Осман империясының және Францияның қоластында болған. Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде қала Виши жүйесінің бақылауында болып, 1942 жылы желтоқсанда Одақтастар әскері басып алған болатын. Тәуелсіздік соғысына дейін Оран, Солтүстік Африка бойынша, еуропалықтар көп тұрып жатқан қала болатын. Соғыстан кейін көбісі Францияға қайтып оралды. «Оран» сөзін көне бербер тілінен аударғанда «екі арыстан» деген мағына береді. Аңыз бойынша бұл жерлерде арыстандар мекендеген болатын, соңғы екі арыстанды қаланың батыс бөлігіндегі тауда өлтірген. Тау «Арыстан» деп аталады. Осы екі арыстан қаланың нышаны болып табылады және таңбада бейнеленген.

Read next

In 105 languages

Text from Wikipedia, CC BY-SA 4.0 · Source article