factograf
KK

Найза

Найза
A.
Найза.

Найза– жақын қашықтықта, бетбе-бет шайқаста түйреу мақсатында қолданылатын қарудың түрі. Ерте заманнан бері әлем халықтарының көпшілігі соғыс және аң аулау кезінде қолданған. Алғашқыда ұшы ұшталған таяқтан жасалды, бертін келе ұзындығы 1,5 – 2 м-ге дейін жететін ағаш сапқа тастан немесе сүйектен, металдан үшкір ұш орнатылған түрлері шықты. Найзаның ұзын сапты, екі басы үшкір, сауытты бұзуға арналған түрі – “сүңгі” деп аталады. Сүңгілердің ұзындығы 3 – 3,5 м-ге дейін жетеді. Ерте замандарда көшпелі түркі халықтарында лақтыруға арналған қысқа Найзалар – “жылда” да болған. Ұшының қырлануына қарай Найза сегіз қырлы, төрт қырлы деген түрлерге бөлінген. Сынбас үшін сабын тарамыспен орап, темір шығыршықтармен бекітеді. Найзаға жауынгерлер әр түрлі дәрежеде белгі ретінде қыл шашақтар, жалаулар таққан.

Сілтемелер

Read next

In 108 languages

Text from Wikipedia, CC BY-SA 4.0 · Source article