factograf
KK

Мельбурн

Мельбурн

Key facts

бірі болып табыладықала
мемлекетАустралия
континентАвстралия
All data from the card 8
Ел
Аустралия
Штат
Виктория
Координаттары
37°49′14″ о. е. 144°57′41″ ш. б. / 37.82056° о. е. 144.96139° ш. б.
Құрылған уақыты
1835
Қала статусы
1847
Жер аумағы
8806 км²
Тұрғыны
3 806 092 адам (2007)
Тығыздығы
432 адам/км²

Мельбурн  Порт-Филлип шығанағы айналасында орналасқан, Виктория шатының астанасы және Австралияның жер көлемі бойынша екінші қала. Қала маңымен бірге халықтын саны шамамен 3,8 миллион адам (2007 жыл).

Австралияның сауда, өнеркәсіптік және мәдени орталықтарының бірі болып саналады. Сонымен қатар Мельбурнді елдің «спорттық және мәдени астанасы» деп жиі атайды, өйткені онда Австралияның көптеген спорттық және мәдени шаралар өтіп тұрады. Қала өзінің викториан және заманауи сәулетінің үйлесуімен, көптеген саябақтар мен бақшалармен, көпжүзді және көпұлтты халқымен танымал. 1956 жылы Мельбурн жазғы Олимпиада ойындарын, ал 2006 жылы — Ынтымақтастық Ойындарын өткізген. Сонымен қатар осында 1981 жылы Ұлттар Ынтымақтастығы одағына кіретін мүше елдерінің басшыларының кездесуі, ал 2006 жылы он тоғыз аса дамыған елдерінің басқарушылары қатысқан — G20 саммиті өтті. 2011 жылы The Economist журналы Мельбурнді әлемдегі өмір сүруге ең жайлы қала деп атаған.

Мельбурн 1835 жылы Ярра өзенінің бойында ауылшаруашылық қоныс ретінде еркін қоныстанушылармен қаланған.. Викторияда болған алтын безгегі арқылы Мельбурн тез арада метрополияға айналды және 1865 жылға қарай Австралияның ең ірі жіне маңызды қаласы болды. Бірақ XX ғасырдың басында біріншілік жүлдесін ол Сиднейге берді.

Бұқаралық ақпарат құралдары

Мельбурнның ең ірі газеттері Руперт Мердоктің Herald Sun және Fairfax серіктестігінің меншігіндегі The Age газеті болып табылады, сонымен бірге mX кешкі таблоиды, оны да Мердок шығарады. Жалпы ұлттық газета The Australian Мельбурнде Виктория штаты үшін арнайы басылым ретінде шығарылады. Бұл газет те Мердокке басыбайлы. Мердок Ньюс Групп жетісінде бір шығатын жорналдар шығарады және Fairfax-тың 50% акцияларына ие, сөйтіп, Мельбурнде басылатын барлық күнделікті газеттер, Мердок империясына кіреді. Австралияның ең ірі муниципалды медиакомпаниясы — Leader Newspapers — Мельбурнның аудандары мен муниципалитетерінің мәселелері туралы баяндайтын әр жеті сайынғы 33 жергілікті газеттр шығарады.

Мельбурнде эфирге үш коммерциялық телеарналар шығады: Seven, Nine и Ten және үш қоғамдық: ABC, SBS және муниципалды арна C31. Қалада көптеген радиостанциялар хабарлайды (ең белгілілері: 3MBS, Triple J, Fox FM, 3AW, SEN 1116), олар көбінесе қаланың негізгі үш ірі желіге тиесілі: DMG Radio Australia, Austereo және Southern Cross Broadcasting.

Демография

Мельбурнның демографиялық картасы. Әр бір нүкте басқа елдерде туған 100 адамға сай. Ұлыбританияда (қара көк түс), Грекияда (ақшыл көк түс), Қытайда (қызыл), Үндістанда (қоңыр), Вьетнамда (сары), Түркияда (қарақошқыл), Италияда (ақшыл жасыл түс) және…
Мельбурнның демографиялық картасы. Әр бір нүкте басқа елдерде туған 100 адамға сай. Ұлыбританияда (қара көк түс), Грекияда (ақшыл көк түс), Қытайда (қызыл), Үндістанда (қоңыр), Вьетнамда (сары), Түркияда (қарақошқыл), Италияда (ақшыл жасыл түс) және…
Туған жері бойынша
Мельбурннiң негiзгi ұлттық топтарының саны.
 Ұлыбритания 156 457
 Италия 73 801
 Вьетнам 57 926
 Қытай 54 726
 Жаңа Зеландия 52 453
 Грекия 52 279
 Үндістан 50 686
 Шри-Ланка 30 594
 Малайзия 29 174
 Филиппин 27 568
 Германия 21 182
 Мальта 18 951
 ОАР 17 317
 Солтүстік Македония 17 287
 Гонконг 16 917
 Польша 16 439
 Хорватия 15 367
 Ливан 14 645
 Нидерланд 14 581
 Түркия 14 124
Қайнар көзі: Австралияның санақ
бюросы, 2006

Қазіргі Мельбурн көп ұлтты және мультимәдениетті бірлестік. Виктория штатыны тұрғындарының ширегі шетел мемлекеттерден келген және Мельбурн 180 тілде сөйлейтін және 116 түрлі дінге сыйынатын 233 елден шыққандардың тұру орны болып саналады.

Дін

Мельбурнның халық саны
(жылдар бойынша)
1836 177
1854 123 000 Алтын безгегі
1880 280 000 Жылжымайтын мүлiктiң бумы
1956 1 500 000
1981 2 806 000
1991 3 156 700 Экономикалық құлдырау
2001 3 366 542
2006 3 744 373
2011 3 872 918 Болжам
2021 4 253 367 Болжам
2031 4 591 846 Болжам
Қайнар көзі: Австралиялық Бюро
статистики

2006 жылдық санағы Мельбурнның 28,3 % (1 018 113) халқы өздерін католиктер деп санайтынын көрсеті. Екінші орында атеистер тобы — 20,0 % (717 717), кейін англикандар — 12,1 % (433,564), православиеліктер — 5,9 % (212 887) және Біріккен шіркеуінің өкілдері — 4, 0 % (143 552). Буддизмге, исламға, иудаизмге және индуизмге құлшылық ететін халықтың 7,5 %. Статистика бойынша Австралиядағы тұратын он еврейдің төртеуі Мельбурнде тұрады.

Мәдениеті

Федерация алаңындағы ғимараттар кешені — заманауи сәулет өнерінің тамаша үлгісі
Федерация алаңындағы ғимараттар кешені — заманауи сәулет өнерінің тамаша үлгісі
Принцесс-Сиэте театрының ғимараты
Принцесс-Сиэте театрының ғимараты
2 images

Мельбурн — Австралияның мәдени және спорттық астанасы. Қалада мәдени шаралардың көптеген түрлері өткізіледі, осында Австралияның ең ірі мұражайлары мен көрмелері орналасқан. Жергілікті архитектурасы да ерекше.

Көптеген танымал австралиялық музыканттары Мульбурн қаласынан шыққан. Соңғы жылдарда қала әлемге стрит-арт өнері арқылы әйгілі болды және осы бейнелеу өнерінің орталығына айналды. Бұл қалалық өнерінің заманауи түрі Мельбурнде соншалықты әйгілі болғаны, оны жолнұсқаларда да табуға болады. Қала Викториан архитектурасының (1837—1901) негізгі орталықтарының бірі болып саналады. Осы стильінде салынған ғимараттар қалада көптеп кездеседі. Сонымен қатар XX ғасырдың ортасында пайда болған заманауи архитектурасыз қаланың сәулет бейнесін елестету мүмкін емес.

Мельбурннің театрлік өмір өте әртүрлі. Қала Австралияның Ұлттық балетінің үйі болып табылады. Корольдық мельбурндық филормониялық оркестрі осында 1853 жылы негізделген. «Корольдық» деп атанған Австралияның жалғыз және ең ескі кәсіби оркестрі болып саналады. Мельбурн Австралиядағы ең көп театрлер орналасқан қала. Сонымен қатар Мельбурн Австралияның сән орталығы болып табылады. Осында жыл сайын Мельбурн сән фестивалі өткізіледі.

Спорт

Мельбурн Крикет Алаңы, қаладағы ең ірі спорттық ғимараттарының бірі
Мельбурн Крикет Алаңы, қаладағы ең ірі спорттық ғимараттарының бірі

Мельбурн Австралияның мәдени және спорттық астанасы ретінде өте танымал. Жыл сайын онда көптеген ұлттық және халықаралық спорттық жарыстар өткізіледі. Соның ішінде ең маңыздылары:

  • Аустралияның ашық чемпионаты (теннис), бұл турнир Үлкен Шлем кезеңдерінің бірі;
  • Аустралия гран-приі (Формула-1);
  • Мельбурн кубогі (ат жарыстары);
  • Аустралия футбол лигасы маусымының финалы.

Бұдан басқа, Мельбурн 1956 жылдың жазғы Олимпиада ойындарын және 2006 жылы Ынтымақтастық ойындарын өткізген. 2003 жылы Мельбурнде регбиден әлем кубогы өткізілген; 2001 жылы Мельбурн Полодан әлем чемпионатын өткізген Оңтүстік жартышардағы бірінші қала. 2007 жылы қалада су спорты түрлерінен әлем чемпионаты өтті.

Мельбурн аустралиялық футболдың отаны болып табылады — Аустралиядағы жарыстарға келуші көрермендер санынан аса әйгілі спорттың түрі. Аустралияның футбол лигасында (АФЛ) ойнайтын он алты командасынан тоғызы қалада орналасқан. АФЛ маусымының финалы ішкі австралиялық спорттық шараларының ең ірісі болып саналады және қыркүйектің соңғы сенбісінде өткізіледі.

Мельбурнде әрқайсысы өз трибуналарында 10 000 адамды сыйғыза алатын 29 спорттық ғимарат бар. 2000 жылы қаладағы ең ірі стадионның құрылысы аяқталды — Телстра Дом, 56 000 адамды сыйғыза алады. Бұл стадион әлемдегі футбол мен крикеттен жарыстарды шатыр астында өткізуге болатын бірінші спорттық ғимарат.

2006 жылы лондондық АркСпорт зерттеу және консультативті серікткстігі Мельбурнді спорттық жарыстарды өткізуге арналған әлемдегі ең жақсы қала деп таныған. Осыдан кейін Мельбурнді әлемнің бейресми спорттық астанасы деп санауға болады.

Қаланың белгілі тұлғалары

Альфред Дикин
Альфред Дикин

Саяси қайраткерлер

  • Альфред Дикин (1856–1919) — Аустралияның 2-ші премьер министрі
  • Стенли Брюс (1883–1967) — Аутралияның 12-ші премьер-министрі
  • Гарольд Холт (1908–1967) — Аутралияның 17-ші премьер-министрі
  • Джон Гортон (1911–2002) — Аутралияның 19-шы премьер-министрі
  • Гоф Уитлам (1916–2014) — Аутралияның 21-ші премьер-министрі
  • Малколм Фрейзер (1930–2015) — Аутралияның 22-ші премьер-министрі
  • Джозеф Уард (1856–1930) — Жаңа Зеландияның 17-ші премьер-министрі

Бизнесмендер

Спортшылар

Мәдениет қайраткерлері

  • Эрик Бана (* 1968) — киноактер
  • Кейт Бланшетт (* 1969) — танымал кино- және театр актрисасы.
  • Стив Ирвин (1962–2006) — танымал австралиялық натуралисті, тележурналист және тірі табиғат туралы көптеген фильмдерінің авторы.
  • Мэрни Кеннеди (* 1994) — австралиялық актриса.
  • Кайли Миноуг (* 1968) — австралиялық әнші, өлеңдер авторы, актриса.
  • Данни Миноуг (* 1971) — австралиялық әнші, актриса, өлеңдер авторы, тележүргізуші, киім дизайнері.
  • Лиза Джеррард (* 1961) — австралиялық музыкант, вокалшы және композитор
  • Фли (* 1962) — Red Hot Chili Peppers тобының бас-гитаристі
  • Фил Рад (* 1954) — AC/DC тобының дабылшысы
  • Крис Чини (* 1975) — гитаристші, вокалшы, The Living End тобының лидері
  • Ли Уоннелл (* 1977) — сценаристші, актер, «Пила» франшизасы бойынша танымал
  • Джесси Спенсер (* 1979) — актер, House MD сериалы бойынша танымал
  • Крис Хемсворт (* 1983) — киноәртіс
  • Эмили Браунинг (* 1988) — актриса

Бауырлас қалалары

Мельбурнның алты бауырлас қаласы бар:

Read next

In 177 languages

ҚазақшааԥсшәаAfrikaansአማርኛaragonésالعربيةܐܪܡܝܐالدارجةمصرىasturianuअवधीazərbaycancaتۆرکجهбашҡортсаBasa BaližemaitėškaBikol Centralбеларуская (тарашкевіца)беларускаябългарскиभोजपुरीBislamaবাংলাབོད་ཡིགbrezhonegbosanskicatalà閩東語 / Mìng-dĕ̤ng-ngṳ̄нохчийнCebuanoTsetsêhestâheseکوردیčeštinaчӑвашлаCymraegdanskDeutschZazakiKadazandusunཇོང་ཁΕλληνικάemiliàn e rumagnòlEnglishEsperantoespañoleestieuskaraestremeñuفارسیsuomivõroNa Vosa VakavitiføroysktfrançaisNordfriiskFryskGaeilgekriyòl gwiyannenGàidhliggalegoAvañe'ẽગુજરાતીHausa客家語 / Hak-kâ-ngîHawaiʻiעבריתहिन्दीFiji HindihrvatskimagyarհայերենBahasa IndonesiaInterlingueIdoíslenskaitaliano日本語JawaქართულიQaraqalpaqshaTaqbaylitKarai-karaiಕನ್ನಡ한국어RipoarischкыргызчаLatinaLadinoLëtzebuergeschLimburgsLigurelombardລາວlietuviųlatviešuमगहीMalagasyолык марийMāoriмакедонскиമലയാളംмонголमराठीBahasa MelayuMaltiမြန်မာဘာသာمازِرونیनेपालीनेपाल भाषाNederlandsnorsk nynorsknorskoccitanlivvinkarjalaиронਪੰਜਾਬੀPapiamentuPicardNaijápolskiPiemontèisپنجابیportuguêsRuna Simiromânăрусскийसंस्कृतम्саха тылаᱥᱟᱱᱛᱟᱲᱤsardusicilianuScotsسنڌيdavvisámegiellasrpskohrvatski / српскохрватскиසිංහලSimple EnglishslovenčinaslovenščinaGagana Samoashqipсрпски / srpskiSeeltersksvenskaKiswahiliślůnskiதமிழ்తెలుగుтоҷикӣไทยTürkmençeTagaloglea faka-TongaTok PisinTürkçeтатарча / tatarçachiTumbukaTwireo tahitiئۇيغۇرچە / Uyghurcheукраїнськаاردوoʻzbekcha / ўзбекчаvènetovepsän kel’Tiếng ViệtVolapükWinaray吴语მარგალურიייִדישYorùbáVahcuenghZeêuws閩南語 / Bân-lâm-gí粵語中文

Text from Wikipedia, CC BY-SA 4.0 · Source article