factograf
KK

америкалық "Жюль Верн",сатирик

Марк Твен

Марк Твен

Key facts

туған күні1835 ж. 30 қараша
қайтыс болған уақыты1910 ж. 21 сәуір
кәсіпжурналист
елеулі жұмысГекльберри Финнің басынан кешкендері
All data from the card 13
Туған кездегі есімі
Сэмюэл Лэнгхорн Клеменс
Лақап аты
Марк Твен, сьер Луи де Конт, Томас Джефферсон Снодграсс
Туған күні
30 қараша 1835
Туған жері
Флорида, Миссури, АҚШ
Қайтыс болған күні
21 сәуір 1910 (74 жас)
Қайтыс болған жері
Реддинг, Коннектикут, АҚШ
Азаматтығы
АҚШ
Мансабы
жазушы, журналист, көсемсөзші
Шығармашылық жылдары
1864 - 1910
Бағыты
сыншыл реализм
Жанры
Көркем әдебиет, тарихи көркем әдебиет, балалар әдебиеті, сатира, эссе, философиялық әдебиет, әдебиеттану
Шығармалардың тілі
Ағылшын
Дебюті
“Калаверасадан келген әйгілі секіргіш бақа” әңгімесі

Марк Твен (ағылш. Mark Twain, шын аты Сэмюэл Лэнгхорн Клеменс (ағылш. Samuel Langhorne Clemens); 30 қараша 1835 жыл, Флорида, Миссури, АҚШ — 21 сәуір 1910 жыл, Реддинг, Коннектикут, АҚШ) — америкалық жазушы, журналист, көсемсөзші. Көркем әдебиет, тарихи көркем әдебиет, балалар әдебиеті, сатира, эссе, философиялық әдебиет, әдебиеттану жанрларында шығармаларын жазған. Гуманист және демократ.

Өмірбаяны

Сэмюэл Клеменс, 15 жаста, 1850 ж.
Сэмюэл Клеменс, 15 жаста, 1850 ж.
Твен 1867 жылы
Твен 1867 жылы
Твен Марк.
Твен Марк.
Марк Твен үйіндегі кітапхана
Марк Твен үйіндегі кітапхана
4 images

Сэмюэл Клеменс 1835 ж. 30 қарашада Флорида қаласында (Миссури штаты, АҚШ) дүниеге келген. Балалық шағы Ханибал қалашығында (Миссисипи) өткен. 1853 – 1857 жылдары ел аралап, түрлі қызметтер атқарған. 1865 жылы жарық көрген “Калаверасадан келген әйгілі секіргіш бақа” атты әңгімесі оны көпке танымал етті. 1867 жылы Еуропада, одан соң Палестинада болды.

Осы сапарлар турасында жазылған “Ақкөңілдер шетелде” (1869), “Шыныққандар” (1872) атты еңбектерінде ескі мен жаңаны салыстыра келе, өмірдегі күйкі құбылыстарды сықақ етеді. Ч.Д. Уорнермен бірге жазған “Алтынға малынған ғасыр” (1873) атты романында АҚШ-тағы Азамат соғысынан кейінгі адамзаттың азғындауы, қоғамдағы алдау-арбау, адами болмыстың арзандауы туралы шынайы жазды. Өмірбаяндық “Том Сойердің таңғажайып істері” (1876), “Гекльберри Финнің басынан кешкен оқиғалары” (1884) атты еңбектерінде бақытсыз балалық шақ, пайдасы аз шіркеулік оқулар мен бай адамдар психологиясы өткір мысқылмен бейнеленген, Американың өткені мен бүгінгі өмірі жан-жақты суреттелген. “Ханзада мен қайыршы” (1882), “Ашықауыз Вилсон” (1894), “Жанна Д’Арк туралы жеке естеліктер” (1896), “Менің сыншыларым – миссионерлерге” (1901), “Патшаның монологы” (1905), “Бейтаныс адам” (1916), т.б. туындылары дүние жүзі халықтары тілдеріне аударылған. Твеннің “Том Сойердің басынан кешкендері” (1939, 1949, 1951, 1965), “Гекльберри Финнің басынан кешкендері” (1949, 1967), т.б. шығармалары қазақ тілінде жарық көрген.

Нақыл сөздері

  • «Егер бізді біреу сыйламай қойса, біз оған қапаланып, қатты ренжиміз. Ал, шындығында пенденің барлығы өз ішінен өзін-өзі сыйламайды ғой.»
  • «Жасым он төртте болғанда әкем өте ақылсыз, ақымақ еді. Мен оны әзер түсінетінмін. Ал, менің жасым жиырма бірге келгенде, сол жеті жыл аралықта әкем өте ақылды, өзіме ақылшы-тіреу, одан артық адам жоқ болды» [дереккөзі?]
  • «Батылдық- қорқыныштың жоқтығы емес, ол өз бойыңыздаңы қорқынышты өзіңіз басқару, соны ақылмен шешу.»
  • «Өмірде өтіріктің үш түрі бар: жәй өтірік, көзіңізді бақырайтып қойып айтылатын бетсіздердің өтірігі және статистика.»
  • «Афоризмнің басты қасиеті: аз сөз, терең мағына.»
  • «Нағыз дос сен қателік жіберген кезде де жаныңнан табылады. Ал сен дұрыс жүрсең, бәрі сенімен бірге.»
  • «Мен ешқашан мектеп тапсырмаларының жеке ілім-біліміме кедергі жасауына жол бермедім.»
  • «Негізі, атаққа лайық қызмет етпей сол атақты асынып жүргеннен, атаққа лайық қызмет етіп, оны ресми түрде алудан бас тартқан әлдеқайда адамшылық.»
  • «Мақтаулар - жақсы нәрсе, мадақтар да әдемі нәрсе ғой, алайда махаббат - адамның өз характері мен мүмкіншілігінің арқасында жеңіп алатын баға жетпес қазынасы.»
  • «Жақсылық - бұл, кереңнің ести алатын, соқырдың көре алатын дүниесі.»
  • «Балалық шақта бақыт алдымыздан күтіп тұрғандай көрінетін, қартайғанда оның тек өтіп кеткендігін сезінумен ғана шектеледі екенбіз.»
  • «Қазір қоғамдағы адамдарды екіге ғана бөлуге болады: бірі - түрмедегі жазасын өтеушілер, екіншілері - жазасын өтеуге тиістер»

Том Сойердің бастан кешкендері

Бұл классикалық туындыда Том Сойердің басынан кешкен қызықты оқиғалары суреттеледі. Оқиға тілі бай, түрлі тартыстарға толы.Кейіпкерлер және олардың өмірі, дүниетанымы арқылы сол кездегі,яғни XVIII ғасырдағы АҚШ-тағы шағын қалашықтар тұрғындарының күнделікті жұмыс тіршілігі, қарапайым адамдардың, діни қызметкерлердің психологиясы, болмысы, түсінігі көз алдыңа келеді.Кейбір тұстардағы суреттер мен оқиғалар қазақ ауылындағы өмірді көз алдыңа әкелгендей болады.

Read next

In 165 languages

ҚазақшаAfrikaansAlemannischалтай тилአማርኛaragonésالعربيةمصرىঅসমীয়াasturianuKotavaAymar aruazərbaycancaتۆرکجهбашҡортсаBasa BaliBoarischžemaitėškaBikol Centralбеларуская (тарашкевіца)беларускаябългарскиBislamaবাংলাbrezhonegbosanskiBatak Mandailingбуряадcatalà閩東語 / Mìng-dĕ̤ng-ngṳ̄нохчийнکوردیqırımtatarcačeštinaчӑвашлаCymraegdanskDeutschZazakiΕλληνικάEnglishEsperantoespañoleestieuskaraفارسیsuomiføroysktfrançaisNordfriiskFryskGaeilgegalegoAvañe'ẽગુજરાતી客家語 / Hak-kâ-ngîעבריתहिन्दीFiji HindihrvatskiKreyòl ayisyenmagyarհայերենinterlinguaBahasa IndonesiaInterlingueIlokanoIdoíslenskaitaliano日本語la .lojban.JawaქართულიQaraqalpaqshaTaqbaylitJjuадыгэбзэKabɩyɛಕನ್ನಡYerwa Kanuri한국어kurdîkernowekкыргызчаLatinaLëtzebuergeschлезгиLimburgsLigureLadinlombardlietuviųlatviešuMalagasyолык марийMinangkabauмакедонскиമലയാളംмонголमराठीкырык марыBahasa MelayuMirandésမြန်မာဘာသာэрзяньPlattdüütschनेपालीनेपाल भाषाNederlandsnorsk nynorsknorskoccitanlivvinkarjalaOromooਪੰਜਾਬੀpolskiPiemontèisپنجابیNawatپښتوportuguêsRuna Simiromânăрусскийрусиньскыйсаха тылаᱥᱟᱱᱛᱟᱲᱤScotsسنڌيsrpskohrvatski / српскохрватскиSimple Englishslovenčinaslovenščinashqipсрпски / srpskiSeeltersksvenskaKiswahiliślůnskiதமிழ்తెలుగుтоҷикӣไทยTagalogtolışiTürkçeтатарча / tatarçaтыва дылудмуртукраїнськаاردوoʻzbekcha / ўзбекчаvepsän kel’Tiếng ViệtVolapükWinaray吴语მარგალურიייִדישYorùbá文言閩南語 / Bân-lâm-gí粵語中文

Text from Wikipedia, CC BY-SA 4.0 · Source article