factograf
KK

Люси Хейл

Люси Хейл

Key facts

туған күні1989 ж. 14 маусым
биіктігі/бойы1,57м
кәсіпактёр, әнші
туған жеріМемфис
елеулі жұмысСүйкімді өтірікшілер
жанрПоп-музыка

Карен Люсилль «Люси» Хейл (Люси Кейт Хейл) (ағылш. Karen Lucille «Lucy» Hale (Lucy Kate Hale); 14 маусым 1989, Мемфис, Теннесси, АҚШ) — америкалық кино, теле бағдарламалар әртісі, кантри-әнші, өлең сөздерінің авторы, дизайнер, модель және қоғам қайраткері.

Өмірбаяны

Люси Хейл 1989 жылдың 14 маусымында дүниеге келді. Өзінің есімін арғы апасының есімінің арасында алған. Оның әке-шешесі – Джулия мен Джон Хейл. Люсидің үлкен әпкесі –Мэгги.Олардың ата-анасы балалары жасөспірім болған кезде ажырасып кеткен. Бірақ уақыт өткен соң олар қайтадан бірге тұра бастайды. Сондықтан да Люсидің тағы 4 өгей әпке-сіңілдері бар. 8 жасынан бастап Люси ән үйірмесінен сабақ ала бастайды, ал 12 жасында үйде дайындалуға көшеді.2012 жылы Хейл жасөспірім кезінде анорексиямен ауырғандғы жайлы айтып береді.

Актерлік шығармашылығы

2005 жылы Люси Лос-Анжелесқа көшіп кетеді.Сол жерде оны O.C. - Одинокие сердца", "Дрейк и Джош", "Как Выжить в Школе","Как я Встретил Вашу Маму", "Секреты Маленького Городка" атты сериалдардағы рөлдерге шақыра бастайды. «Волшебники из Вэйберли Плэйс» сериалында ол Дэвид Генри актерімен танысып, екеуі кездесе бастайды.

Музыкалық шығармашылығы

Актерлік шығармашылығы басталғаннан кейін музыка шығармашылығы жайымен қалады. Бірақ 2011 жылы Люси «История Золушки» фильміне саундтрек ретінде бірнеше өлең жазып шағарады. Осыған байланысты 2012 жылы Люси "Hollywood Records» атты өлең басып шығаратын танымал компаниясымен келісім сөзге келеді.


Read next

In 60 languages

Text from Wikipedia, CC BY-SA 4.0 · Source article