factograf
KK

ақсүйектердің билігі; мемлекет басқару жүйесінің бір түрі

Аристократия

Аристократия

Аристократия (көне грекше: ἀριστοκρατία, «ең таңдаулылардың билігі»; гр. ἀριστεύς – «текті, асыл текті», гр. κράτος – «билік, күш») — мемлекеттік басқару нысаны, онда билік қоғамның таңдаулы, текті топтарының қолында болады. Бұл басқару түрі жеке мұрагерлік билікке негізделген монархиядан, жеке сайланатын билікке негізделген тираниядан немесе демократиядан ерекшеленеді.

Термин шыққан Ежелгі Грекияда аристократия бастапқы мағынасында «ең таңдаулылардың үстемдігі» деп түсіндірілген. Мұнда әрбір аристократ белгілі бір ізгі қасиеттерге ие, қоғамның өзге мүшелерінен артық саналған. Осыған ұқсас көзқарастар ортағасырлық Батыс Еуропада (рыцарлық ізгі қасиеттер ұғымы) және Ежелгі Қытайда (алты өнер ілімі) да кездескен. Бұл түсініктер бойынша аристократ белгілі бір ұжымда, рудың, қаланың, аймақтың немесе мемлекеттің шеңберінде ең лайықты тұлға ретінде қабылданған.

Read next

In 87 languages

Text from Wikipedia, CC BY-SA 4.0 · Source article